2018 Миллиардерлер клубы Калифорниядағы бизнес мектептің екі түлегі алдарына аз уақыт ішінде қыруар қаржыға кенелсек деген мақсат қояды. 1983 жылы қаржы пирамидасын құрып, оңай келген ақшаның буына мастанып жүреді. Алайда бір күні өздерінен асып түскен әккі алаяқтың құрбанына айналады. «Миллиардерлер клубы» – өмірде болған оқиға туралы криминалдық драма.
2017 Эскобар Колумбиялық есірткі бароны Пабло Эскобардың атағы шартарапқа жайылған. Сот пен полицияны өлтіру, журналист, прокурорлармен сыбайлас болу, өз дұшпандарын да, достарын да өлімші етіп жазалау – оның өмірбаянының бір бөлігі ғана. Деректі хроникалар мен Пабломен ара қатынаста болған журналист Вирхиния Гарсияның естеліктерінің негізінде түсірілген фильм толықметражды болғанымен, Пабло өмірін толықтай сыйғыза алмады...