Все фильмы
2019 Тентек Ауылдың кең даласында еркелеп, атасының ақылы мен қызықты әңгімелерін құлағына сіңіріп өскен, тентек бала Кенженің өмірі бір-ақ күнде өзгереді. Себебі, оның ата-анасы жұмыс бабымен қалаға көшпекші болады. Алайда, бұл Кенже үшін жайсыз хабар еді. Оған қаланың өмірі мен тіршілігі мүлдем ұнамайтын. Амалсыз қалаға көшіп барған соң, оның бар ойы мен арманы –енді тезірек ауылға қайту. Ол жақта ешкімнің тілін алмай, бұзық болса ауылға қуып жіберер деген үмітпен түрлі амал-әрекеттерге барады. Осылайша басталған Кенженің «ауылға қайту» операциясы жүзеге аса ма, әлде қаланың өміріне үйренісіп, жаңа өмір бастай ма? «Тентек» телехикаясынан көріңіз. Смотреть
2018 Көке Ауылда еркелеп жүрген, бірақ өте еңбекқор Жандос, бір күні немере ағасының шақыртуымен Астанаға жұмысқа келеді. Ағасының өзінің мейрамханасы бар, сол жерге оныбас администратор етіптағайындайды. Жұмысы өзіне ұнайды. Бәрі осылай жап-жақсы басталған сияқты еді, бірақ әрі қарай қаладағы өмірі ол ойлағандай болмай шығады. Оған себеп –ағасының балалары. Әлинұр мен Кәусар ойын бөлмесін келген қонаққа босатып бергені үшін ренжулі. Енді олардың жоспары –қонақты үйден өз еркімен кетіру. Ол үшін екеуі екі жақтап түрлі айла-тәсілдер ойлап табады. Жандос та оларға оңай шағылатын жаңғақ емес екенін дәлелдегісі келеді. Алайда, қаланың ерке балаларына ауылдағыбеделді –«Көке» деген статусты сіңіре ала ма? Смотреть