2019 Әйел Джоан Кастельман – әйгілі нью-йорктік әдебиетшінің жұбайы. 40 жыл бойы ерінің шашбауын көтеремін деп өзінің дарынын, арманы мен мақсаттарын құрбандыққа шалып келген. Алайда, көптен күткен Нобель сыйлығын марапаттау рәсімінің алдында күйеуінің құпияларын әлемге жайып салуға бел буады...
2015 Сәнді кек Сәнқой келіншек өзінің туған қаласына оралады. Туған жерден ол бала күнінде кісі өлтірді деген айыптаулардан кейін көшіп кеткен болатын. Қалашық тұрғындары басында оны қабылдамай, үрке қарап жүрген. Біртіндеп сәнқой келіншек қолынан іс тіге алатынының арқасында жергілікті ханымдардың сеніміне кіре бастайды.