2021 Сарай сыры Бөкей ханның аманаты бойынша таққа отырған мұрагер Жәңгір сұлтанның басты мақсаты – ел мұраты үшін еңбек ету еді. Ішкі және сыртқы саясатты салиқалы жүргізе білген сұлтан ұйысқан отбасында да шапағатқа бөленіп келеді. Бірақ халқының қамын арыдан ойлай білген сұлтан сарайының ішін қызғаныш атты қызыл оттың жалыны шарпып жатқанын дер кезінде байқамаған еді. Сарай ханымдары сүйген жанның көңілін табу үшін қандай құрбандыққа барады? Сұлтан жүрегінің әміршісі болуға кім лайықты? Ордадағы ханымдар арасындағы бәсекелестікті сыртқы жау қалай пайдаланады? Шытырман оқиғалардың куәгеріне айналған хан сарайы қандай сыр шертеді?
2015 Аяулы арман Бұл үлкен өмірге енді қадам басқан жастардың қателіктері мен көзсіз тәуекелдері баяндалатын төл туынды. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан соң әрбір кейіпкердің өз өмір жолы басталады. Кез-келген шалыс қадам олар үшін қауіпті әрі өмірлерінің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Бірақ, адам баласы үшін бір орында тұру мүмкін бе? Демек, кейіпкерлердің тағдырына жазылған бұралаң жол қайда апармақ? Жүрек түкпіріне сақтаған, аяулы армандарына қол жеткізуі мүмкін бе? Ал, ең бастысы, бұл әлемде оларға жанашыр жан табыла ма?