2015 Қыздар
2015 Аяулы арман Бұл үлкен өмірге енді қадам басқан жастардың қателіктері мен көзсіз тәуекелдері баяндалатын төл туынды. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан соң әрбір кейіпкердің өз өмір жолы басталады. Кез-келген шалыс қадам олар үшін қауіпті әрі өмірлерінің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Бірақ, адам баласы үшін бір орында тұру мүмкін бе? Демек, кейіпкерлердің тағдырына жазылған бұралаң жол қайда апармақ? Жүрек түкпіріне сақтаған, аяулы армандарына қол жеткізуі мүмкін бе? Ал, ең бастысы, бұл әлемде оларға жанашыр жан табыла ма?
2013 Сырғалым Көрермен көзайымына айналған еліміздегі танымал телехикаяның екінші маусымы. Санжар мен Сырғалымның үйленгеннен кейінгі өмірі мүлдем басқа арнаға бұрылады. Енді жас отбасы өз қиындықтарымен күресе отырып, қоғамның қайшылықтарына да қарсы тұруы тиіс. Алайда Сырғалымның ғана махаббаты бір шаңырақты сақтап қалуға қауқарлы ма? Күйеуі Санжардың қателіктерін кешіре беруге төзімі жете ме?
2015 Әке Телехикаядағы басты конфликт әке мен бала арасындағы нәзік сезімдер, жат қаладағы жаңа өмірге ұмтылыс, өмір жолындағы сан түрлі қиындықтар арасында өрбиді.
Тағдыр талқысында қалған жалғызбасты әке әлеуметтік проблемаларды шеше ала ма? Балалары үшін қандай тәуекелдерге бара алады? Шарасыз әкенің соңғы үміті не?
«Әке» телехикаясы көрерменнің ықыласына бөленіп, кинофестивалдерде оң бағасын алды. Басты рөлді сомдаған Азат Сейтметов Оңтүстік Кореяның Пусан халықаралық кинофестивалінде үздік актер атанды.