2021 Самалмен сырласу Санжардың жұмбақ өлімі Самалдың өмірін күрт өзгертеді. Оған қоса күйеуіне жабылған жала да оның қам көңіліне ауыртпашылық түсіреді.Тіпті меншігіндегі дүниенің бәрін тартып алады. Осы күнге дейін күйеуіне арқа сүйеп келген Самал үшін өмірдің қатігездігімен бетпе-бет қалудан асқан қиындық жоқ екенін түсінеді. Бұл шырғалаңнан шығаржалғыз ғана жол бар, ол –бәрін анықтау, әрі әділдікті орнату.
2017 Текетірес 4 сериялы фильмде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмен күресі баяндалады. Басты рөлдегі Әсет пен Қорлан лаңкестерге қарсы арнайы операцияға қатысады. Олар Сирияға баруы керек еді. Алайда арнайы топ мінген ұшақ Иран мен Ирактың шекарасында жарылып, қыз аман қалады. Құрбысының кеңесімен Сирияда қалған Қорлан құпия агент болып, аса қауіпті террористерді жою туралы арнайы бөлімнің тапсырмасын орындайды.