2019
2012 Парыз Бұл темірдей тәртіп пен төзімділікті талап ететін, ішкі істер қызметкерлерінің қауіпті де мазасыз жұмысы жайлы шытырман оқиғалы телехикая. Сюжет бойынша әкесінің жолын қуған Асан, Алматы қаласындағы полиция бөлімшесіне жұмысқа орналасады. Мұнда, бала күнінде қайтыс болған әкесінің жұмбақ өлімі жайлы естиді.Асан өз бетінше зерттеп, түрлі жайттарға тап болады. Қылмыстық іс құпиясын ашқан сайын қауіпті, қорқынышты бола түседі.Ол Отан алдындағы борышы мен әке алдындағы парызын өтей ала ма?
2013 Сұңқар Жылқы мен адамның айнымас достығын суреттейтін, атбегілік өнерді серік еткен ауыл адамдарының өмірі туралы телехикая.Бас кейіпкер - жас жігіт, бала күнінен бастап, жетім қалған құлынды өсіріп-бағады. Жетім құлын өсе келе бозбаланың сенімді серігіне айналады. Бітімі бөлек Сұңқарды Біржан бәйге қатыстырғысы келеді. Алайда, ақуызға жарымаған арғымақ аламанда топ жара ала ма?
2022 Бозторғай