2013 Сырғалым Көрермен көзайымына айналған еліміздегі танымал телехикаяның екінші маусымы. Санжар мен Сырғалымның үйленгеннен кейінгі өмірі мүлдем басқа арнаға бұрылады. Енді жас отбасы өз қиындықтарымен күресе отырып, қоғамның қайшылықтарына да қарсы тұруы тиіс. Алайда Сырғалымның ғана махаббаты бір шаңырақты сақтап қалуға қауқарлы ма? Күйеуі Санжардың қателіктерін кешіре беруге төзімі жете ме?
2015 Жаңа қоныс Телехикая ауылдан үлкен қалаға қоныс аударған Мырзахановтар отбасы жайлы. Олардың үй алуға қаржысы жетпей, уақытша пәтерді жалдап тұруға мәжбүр болады. Ақшаның аздығы, пәтер ақының шарықтауы әбден әбігерге түсіреді. Қалада олар тұрмаған аудан қалмайды. Жаңа өмір іздеп келген алып шаһарда бір ғана армандары қалады. Ол –өз үйлеріне көшу.