Фильм Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша түсірілген. Кеңестік Қазақстанның 50-ші жылдарын қамтитын фильмде колхозшы-коммунист Танабай мен оның Гүлсары атты сәйгүлігінің ғұмыры баяндалады. Фильмде бас кейіпкер Танабайды қырғыз актері Доғдырбек Қыдырәлиев сомдаған. Гүлсары Тараз жылқы зауытынан алынған Гарпун атты сәйгүлік.