Еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасына әр түкпірден студенттер жиналады. Мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог маманына оқып жатқан студенттердің мінездері де, болмыстары да, арман-мақсаттары да әртүрлі. Мектеп қабырғасынан тек кітаби біліммен келген жастардың таным-түсінігі, өмірлік сабақтары да өзгеріп, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ұяңдық пен тәкаппарлық секілді қасиеттермен толығады. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысқанда қандай қайшылықтарға тап болады?