Ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық орталықта бірі кардиолог, бірі акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Екеуіде дәрігер болғанымен, жүрек ауруымен операцияға түскен өз қыздарын құтқара алмайды. Қайғыға төзе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Бірақ, он жылдан кейінгі оқиға олардың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі.