2021 Орман иесі Жалғыз ұлы мен жарынан айырылған ұстаз өмірінің мәнін жоғалтады. Қайғысы сейілмей, досының шақыртуымен ауылға келеді. Тыныштық іздеп, орман сақшысының көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Алайда орманда броконьерлер пайда болып, қандықол қылмыскерлер ауылға қауіп төндіреді. 23 жыл ұстаз болған Төлеген өміріндегі шытырман оқиғалар мен ормандағы қауіпті қақтығысқа қарсы тұра ала ма?
2013 Жедел жәрдем Ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық орталықта бірі кардиолог, бірі акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Екеуіде дәрігер болғанымен, жүрек ауруымен операцияға түскен өз қыздарын құтқара алмайды. Қайғыға төзе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Бірақ, он жылдан кейінгі оқиға олардың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі.