Жомарт аға – ауылдық мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысқан ақсақал зейнеткерлікке шыққаннан кейін зеріге бастайды. Әлі де бойында қуаты тасып тұрған ол өзінің қарттығын мойындағысы келмей, әлі де қоғамға пайда келтіре алатынын ауылдастарына дәлелдегісі келеді. Заман ағымынан қалмай, блогер атанып, жастардың тәлімгері болған ата басқа қандай әрекеттерімен таңқалдырады?