2015 Біздің ағай Жомарт аға – ауылдық мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысқан ақсақал зейнеткерлікке шыққаннан кейін зеріге бастайды. Әлі де бойында қуаты тасып тұрған ол өзінің қарттығын мойындағысы келмей, әлі де қоғамға пайда келтіре алатынын ауылдастарына дәлелдегісі келеді. Заман ағымынан қалмай, блогер атанып, жастардың тәлімгері болған ата басқа қандай әрекеттерімен таңқалдырады?
2016 Шекара шебінде Шекара қызметінің капитаны Азамат қылмыскерлермен қақтығыста досынан айрылады және застава командирінің орынбасары қызметінен шеттетіледі. Көп ұзамай құпия тапсырмаларды орындайтын шекарашы сарбаздардан жасақталған бөлімше командирі болып тағайындалады. Енді оның отбасылық және әскери өмірінде тағы да күрделі сынақтар күтеді. Шекара шебін бақылау барысында қитұрқы әрі заңсыз әрекеттердің куәсі болған қызуқанды Азамат бұл тапсырманы аяғына дейін орындай ала ма? Шекараны қылмыстық істің шебіне айналдырған топты ол құрбандықсыз қалай әшкере қылады?