Тау бөктерінде орналасқан кішкентай ауылдың тұрғыны бала Мейірдің құлағына алыстан келген белгісіз бір әуеннің дауысы естіле береді. Бірақ оны өзінен басқа ешкім естімейді.Ол соның сырын сұрамақ боп ауылдағы ақсақалдан сұрайды. Сонда ақсақал сол әуенге байланысты аңыз айтып береді. Ал Мейір достарын көндіріп аңыз бойынша сол әуеннің құпиясын іздеп тауға аттанады. Бастапқыда Мейірге сенбеген достары шытырманға толы оқиғаларды басынан кешіргенде аңыздың шын екеніне көздері жетеді. Ескі аңызды арқау еткен сиқырлы әуеннің сырын Мейір мен достары аша алады ма?