Соғыстан кейінгі жылдар. Тұтқындар лагерінен екі жапон сарбазы қашып шығады. Бірақ қиындықтарға тап болып, оның бірі мерт болады. Ал аман қалған сарбаз еліне оралып, досының аманатын ұлына табыстайды. 2017 жылы Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне жүрек ауруын емдеудің жаңа технологиясын алып келген Акайоның басқа да мақсаты бар. Ол – қазақ жерінде қалған әке бейітін тапсам деген арман. Сол арман орындалады ма? Жолында кездескен жандар оның үмітін ақтай алады ма? Қазақ пен жапон халқын, олардың өткені мен бүгінінің арасын тарихтан басқа не байланыстырады?