Көрерменнің жоғары бағасын алған, отандық комедиялық телехикаяның 2-маусымы. Қаланың ең танымал асаба қызметінен –қарапайым ауылдың күйеу баласына айналған Арманның жаңа тағдыры баяндалатын, әрі жаңа өмір сатысы басталатын кезеңге куә болыңыз. Қиындықтардан қашып шаршаған ол, енді өз күресін бастайды. Бірақ, жалғыз өзі қоғамның пікіріне қарсы тұра ала ма? «Күшік күйеу» деген аттан арыла ма?