2018 Арманға 20 қадам Талантты архитектор Темірланның жұмыстары кәсіпкерлер тарапынан бағаланбай, қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Екінші баласына аяғы ауыр Айсұлу күйеуінің тапқанын місе тұтпай, одан көп нәрсені талап етеді. Таршылықтан мезі болған Темірлан жаңадан салынып жатқан Астанаға көшуге бел буады. Оның жобаларын жас қаланың сәулетшілері қуана қабылдап, ауқымды құрылыстарға қатыса бастайды. Бірақ жаңа қалада оны қиындықтар мен күрделі мәселелер күтіп тұрған еді. Ол бұл қалада үкілеген арманын іске асыра ала ма? Тығырыққа тірелген мансабын қалай құтқарады? Бас қалада шиеленіскен тағдырлар шешімін табады ма?
2018 Мұздағы жалын Телехикая жас спортшылар, талантты қыз-жігіттер арасында өрбиді. Әлеуметтік теңсіздік, өскелең ұрпақтың әлжуаздығы, отбасындағы қарым-қатынасы сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Бас кейіпкер Олжас 22 жаста. Ол бала кезінен мәнерлеп сырғанауға қызығады. Алайда жігіттің анасы қарсы. Себебі мұз айдынындағы мұңлы оқиға әлі ұмытылған жоқ. Бұл бас кейіпкер үшін басты мәселеге айналады.
2022 Бозторғай