Талантты архитектор Темірланның жұмыстары кәсіпкерлер тарапынан бағаланбай, қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Екінші баласына аяғы ауыр Айсұлу күйеуінің тапқанын місе тұтпай, одан көп нәрсені талап етеді. Таршылықтан мезі болған Темірлан жаңадан салынып жатқан Астанаға көшуге бел буады. Оның жобаларын жас қаланың сәулетшілері қуана қабылдап, ауқымды құрылыстарға қатыса бастайды. Бірақ жаңа қалада оны қиындықтар мен күрделі мәселелер күтіп тұрған еді. Ол бұл қалада үкілеген арманын іске асыра ала ма? Тығырыққа тірелген мансабын қалай құтқарады? Бас қалада шиеленіскен тағдырлар шешімін табады ма?