Все фильмы
2020 Сәке Смотреть
2018 Арманға 20 қадам Талантты архитектор Темірланның жұмыстары кәсіпкерлер тарапынан бағаланбай, қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Екінші баласына аяғы ауыр Айсұлу күйеуінің тапқанын місе тұтпай, одан көп нәрсені талап етеді. Таршылықтан мезі болған Темірлан жаңадан салынып жатқан Астанаға көшуге бел буады. Оның жобаларын жас қаланың сәулетшілері қуана қабылдап, ауқымды құрылыстарға қатыса бастайды. Бірақ жаңа қалада оны қиындықтар мен күрделі мәселелер күтіп тұрған еді. Ол бұл қалада үкілеген арманын іске асыра ала ма? Тығырыққа тірелген мансабын қалай құтқарады? Бас қалада шиеленіскен тағдырлар шешімін табады ма? Смотреть
2017 Иірім. Ана қадірі Азаматты анасы жалғыз өзі тәрбиелеп, өсірген. Баласы үшін көп қиындыққа төзіп, жетілдіріп, ер жеткен соң қалаға оқуға жібереді. Бірақ, қалада қиналған Азамат күнкөріс үшін түнгі клубқа жұмысқа тұрады. Сабағы нашарлап, оқуына көңіл бөле алмай жүргенде ауқатты отбасыдан шыққан Айнұр бас қосады. Азамат ауылдағы анасын қолына әкелгенде, Айнұр енесімен тұрғысы келмейтінін көрсетеді. Ақыры ене мен келін арасындағы қайшылық асқынып, Азаматтың анасы қарттар үйіне кетеді. Ал Азамат әйелінің қалауына қарсы шыға ала ма? Әлде ақ сүт берген анасын таңдай ма? Смотреть